• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Желтоқсан, 2020

Шу ауданының тұрғынынан 5 қап марихуана тәркіленді

151 рет
көрсетілді

Жамбыл полицейлері Шу ауданының тұрғынынан бес қап марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

5 желтоқсанда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысы полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасымен бірлесіп жедел – іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Шу ауданы Қонаев ауылының 60 жастағы тұрғынын ұстаған. Оның үйін тінту барысында сарайдан жалпы салмағы 22 келі “кептірілген марихуана” есірткі құралымен бес қап табылып, тәркіленген."Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда Шу ауданының УҰИ-не қамауға алынды, ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", делінген хабарламада.