• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Президент 10 Желтоқсан, 2020

Мемлекет басшысы Наталья Годунованы қабылдады

84 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің жыл басынан бері атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері мен Президент тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президентіне жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру мәселесі бойынша Ұлттық экономика министрлігінде жүргізілген тексерудің қорытындылары жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар кездесу барысында бюджетаралық қатынастар және өңірлік дамудың өзекті проблемалары талқыланды. Мемлекет басшысы аталған мәселені Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында қарауға енгізуді тапсырды.

Кездесу соңында Наталья Годуноваға бірқатар нақты тапсырма берілді.