• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Желтоқсан, 2020

Қостанай облысында қылмыс деңгейі азайды

143 рет
көрсетілді

Қостанай облысында қылмыс деңгейі үш есе азайды. Бұл туралы аймақ тұрғындарымен әлеуметтік желіде онлайн режімде кездескен Қостанай облысы полция департаментінің бастығы Бекет Айтмағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Биыл қылмыстың негізгі түрлері деңгейінің тұрақты төмендеуі байқалады. Олардың қатарында кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, зорлық, қарақшылық, тонау, ұрлық, алаяқтық, бұзақылық және көлік ұрлығы сияқты қылмыс түрі бар", - деді департамент басшысы.

Аймақта мал ұрлығының деңгейі 30%-ға азайған. Облыста биыл тіркелген 189 мал ұрлығының 150-ге жуығы өрісте қараусыз жүрген малға қатысты жасалған.  

Бекет Аймағамбетов пәтер тонау қылмысының деңгейі 45%-ға төмендегенін айтты. Сонымен қатар бұрын сотталған адамдар жасаған қылмыстарды едәуір азайғаны байқалады. Жасөспірімдер қылмысы мен балаларға қатысты қылмыстардың да деңгейі төмендеген. Ал қоғамдық орындарда және көшелерде жасалған қылмыстар 40%-ға азайып отыр.

"Мұның барлығы тиімді жүргізіліп жатқан қылмыстың алдын алу шараларына тікелей байланысты. Бірнеше жылдан бері облыста тұрғын үйлердің аулаларында жаяу патрульдеу тәжірибесі жалғасуда. Биыл қылмыстың көптеген түрі, соның ішінде мүлік ұрлығына қатысты қылмыстардың ашылу деңгейі жақсарды. Аса ауыр қылмыс түрлерінің ашылу деңгейі де артты", - деді Бекет Аймағамбетов.

Сонымен қатар биыл облыста орын алған қарақшылық, бопсалау, бұзақылық, жас балаларды азғындыққа итермелеу, көлік ұрлау қылмыстары толық ашылды.