Шығыс Қазақстан облысында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары балық аулау ережелерін бұзған азаматтарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұқтырма және Семей инспекциясының мамандары бірлесіп, Үлкен Нарын шығанағында тыйым салынған мерзімде 6 келі пайдабалық түрін заңсыз ауланғаны белгілі болды. Келтірілген залал 20 мың 2 теңгені құрады.
Одан бөлек, Бұқтырма өзенінің сағасында тыйым салынған моноталшықты торлы ау пайдаланған бір азамат және өзеннің тыйым салынған жерінде балық аулаған екі азамат анықталды. Бұл фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, тыйым салынған құралдары тәркіленді.
Сонымен қатар рейд кезінде инспекторлар Тұрғұсын аулының маңында көлге заңсыз тартылған 700 метрлік он шақты ауды жойған. Ал ауға түскен балықтар су айдынына жіберілді.