• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
10 Желтоқсан, 2020

Алматы кәсіпкерлері жыл соңына дейін қызметкерлерін МӘМС жүйесінде сақтандыра ала ма?

210 рет
көрсетілді

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров халықты әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтудың өзекті мәселелері бойынша өңірлік штабтың онлайн-отырысын өткізді. Жиынға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ақтаева да қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отырыста Алматыда МӘМС-ті іске асыру барысы, халықтың сақтандыру мәртебесін және жұмыс берушілер мен бизнес субъектілері қызметкерлерінің деректерін өзектендіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс қаралды.

Қаланың денсаулық сақтау саласын қаржыландыру халықтың өсімін және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде халыққа көрсетілетін медициналық қызметтер көлемінің қажеттілігін ескере отырып қалыптастырылған. Сақтандырылған халықтың үлесін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Алматы қаласы бойынша жыл соңына дейін МӘМС төлеуден босатылған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 116 604-ті құрайды, оның 59 799-ы деректерді жаңартты. Қазір 137 ірі бизнес субъектілерінің 129-ы тізімдерді жаңартты немесе аударымдар мен жарналарды төледі, енді 8 ірі бизнес субъектісі қалды», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»  Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев.

Өз қызметкерлерін сақтандыру үшін жыл соңына дейін жеңілдіктер берілген жұмыс берушілер жарналардың болмауына қарамастан, қызметкерлердің деректерін msb.fms.kz. сайтына енгізуі тиіс. Алдағы уақытта бұл қызметкерлер МӘМС жүйесіндегі барлық қызметті кедергісіз ала алады.

Сондай-ақ, диспансерлік есепте тұрған пациенттерді амбулаториялық дәрі-дәрімекпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Онлайн-отырыстың қорытындысы бойынша қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров аудан әкімдіктеріне Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат, кәсіпкерлік және инвестициялар басқармаларымен бірлесіп, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жеңілдікті санаттардағы халықты өзектендіруді қамтамасыз етуді, 2020 жылдың соңына дейін МӘМС үшін аударымдар мен жарналарды төлеуден босатылған ШОБ субъектілерімен жұмысты күшейтуді тапсырды.