Францияда карантин коменданттық сағатқа ауыстырылады. 15 желтоқсаннан бастап билік бүкіл ел бойынша қозғалыс шектеулерін алып тастамақ. Тұрғындар көшеде кешкі сағат 8-ге дейін жүре алады, деп хабарлайды Egemen.kz euronews.com сайтына сілтеме жасап.
Қараша айының соңында Францияда көптеген азық-түліктік емес дүкендер ашылды, бұл эпидемия статистикасына еш әсер етпеген.
- Соңғы апта ішінде коронавирус жұқтырғандар саны азаймай тұр. Әзірге жақсы көрсеткіштерге жете алмай тұрмыз, вирус жұқтырушылар саны көбейіп келеді, - деді Францияның премьер-министрі Жан Кастекс.