Жексенбі күні, 13 желтоқсанда қоғамдық көліктің жұмысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
"Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүреді", деп хабарлады CTS.⠀Дүйсенбі, 14 желтоқсаннан бастап бағдарлар қалыпты кестесіне сәйкес қатынайды.⠀Сонымен қатар компания қала тұрғындарына санитарлық нормаларды сақтау және автобустарға бетпердесіз кірмеу керегін ескертеді. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.