Алматы қаласының полицейлері “#Қазақстан_Республикасына_қызмет_етемін” челленджін бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл шара еліміздің Тәуелсіздік күніне орайластырылған. Шараның басты мақсаты – ұрпақтан-ұрпаққа баға жетпес мұра ретінде берілетін рухани-патриоттық және адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу.
Тәртіп сақшылары арасында мемлекеттік тілді жетік білетін өзге ұлт өкілдері бар. Сондай қызметкерлердің бірі – полиция кіші сержанты Виталий Максимов. Ол болашағынан үлкен үміт күттіретін жас полицейлердің бірі.
«Мен әріптестерімді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын және Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департментінің қызметкерлеріне “#Қазақстан_Республикасына_қызмет_етемін” челленджін жолдаймын», деді В. Максимов.