• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Желтоқсан, 2020

Тәуелсіздік күні елордада отшашу болмайды

444 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнінде отшашу болмайды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда әкімдігі алдағы мереке күндерінде індеттің таралуына жол бермеу мақсатында санитарлық талаптарды орындауға шақырды. Сондай-ақ Тәуелсіздік күнінде отшашу болмайтыны мәлім болды. 

Еске сала кетейік, Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар төрт күн қатарынан, яғни, 16,17,18 және 19 желтоқсан демалады. 18 желтоқсандағы жұмыс күні 20 желтоқсанға ауыстырылды.