• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Желтоқсан, 2020

«Қостанай облысы жастарының Алтын кітабына» 11 жаңа есім жазылды

465 рет
көрсетілді

«Қостанай облысы жастарының Алтын кітабы» - өңірдің дарынды жастарына қолдау көрсетіп,  ынталандыруды көздейтін бірегей жоба.  Аталмыш жобаның алғашқы лауреаттары осыдан 5 жыл бұрын марапатталған.  Содан бері жыл сайын 14 пен 29 жас аралығындағы дарынды әрі белсенді жастардың есімі «Алтын кітапқа» жазылып келеді. Бүгінге дейін кітапқа 229 есім еніпті.

Биылғы іріктеуге өңірде әр салада еңбек етіп жүрген екі жүзден астам жас қатысты. Үміткерлер есімі әуелі әлеуметтік желіде таныстырылды. Оларға көпшілік Қостанай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының инстаграм парақшасы арқылы дауыс берді. Бұл іріктеудің бірінші кезеңі. Одан таңдалған ең мықтыларды байқау комиссиясы талқыға салды. Сөйтіп, 11 номинацияда үздіктер анықталды.

Сонымен, «Жас саясаткер» аталымында Алина Ищанова, «Журналистика» номинациясында Қасқырбай Қойшыманов, «Мәдениет және өнер саласына қосқан үлесі үшін» – Жанна Таласпаева, «Білім және ғылым саласына қосқан үлесі үшін» – Рүстем Бейішов, «Мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін» – Рыскүл Таскумбаева, «Спорттағы жетістіктері үшін» – Надежда Рябец, «Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» – Карина Юсупова, «Жастар кәсіпкерлігін дамытуға және Start-up жобаларға қосқан үлесі үшін – Ләззат Ахмадиева, «Волонтерлықты дамытуға қосқан үлесі үшін» – Дамир Өтебаев, «Ауылдың дамуына қосқан үлесі үшін» – Наурызбек Бірмағамбетов «Алтын кітап» лауреаты атанды. Ал қызметтік борышын атқару барысында қылмыскердің қолынан қаза тапқан полиция қызметкері Дархан Базарбаевтың есімі «Жас батыр» номинациясы бойынша «Алтын кітапқа» жазылды.

 Қостанай облысы