• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығы №242

350 рет
көрсетілді

2013 жылғы 22 қазан,  Астана қаласы«Орталық сараптау-тексеру Комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағаттардың сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы №348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес бұйырамын: 1. «Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағаттардың сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы №348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7343 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 20 қазандағы №689-693 (27765) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталық сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережесінде:1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«1. Орталық сараптау-тексеру комиссиясы (бұдан әрі – ОСТК) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің (бұдан әрі – Комитет) жанындағы құжаттардың құндылығына сараптама жасайтын және оларды Ұлттық мұрағат қорының құрамына енгізуге (шығаруға) байланысты ғылыми-әдістемелік мәселелерді қарастыратын, сонымен қатар, оның толықтыру көздерін белгілеуді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.»;9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«9. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Мұрағаттар және құжаттама басқармасы ОСТК жұмыс органы болып табылады.».2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын, кейін жарияланғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынсын;3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр            М.ҚҰЛ-МҰХАММЕД.––––––––––––Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 20 қарашада Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8919 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар