• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Бизнес 14 Желтоқсан, 2020

Жаза басқандар ашқан кәсіп

197 рет
көрсетілді

Толғауы тоқсан тіршілікте қателеспейтін адам болмас, сірә. Қате­лікке ұрынған жандарды кеудеден итермей, қоғамға бейімдеуде пробациялық қызметке үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр.

Индер аудандық пробация қыз­метінің есебінде 41 адам тұр. Олар­дың арасында бас бостандығын шектеу жазасына тартылған 18, шарт­ты сынақ мерзімін алған 8, бел­гілі бір қызметпен айналысу құ­қы­ғынан айырылған 15 сотталушы бар. Оларға әлеуметтік көмектер көр­се­тілді.

Аудандық жұмыспен қамту бө­лімі арқылы 8 сотталушы жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде екеуі жүргізуші, өзге­лері әр саладағы мекемелерге жұ­мысшы болып орналас­ты. Ал бас бостандығы шектелген екі сотталушы медициналық жәрдем алды. Сондай-ақ үшеуіне бір жолғы қаржылай қолдау көрсетілсе, демеу­шілер тарапынан екі адамға азық-түлік берілді. 

Әрине пробация қызметінің инс­пекторлары сотталушыларға ұдайы құқықтық көмек беріп, олардың қай­тадан қылмыс жасауға бармауы­на ықпал етіп отыр. Соның нәти­же­сінде сотталушылар тарапынан қылмысты қайталап жасау дерегі тір­келген  жоқ. Сол себептен Индер аудан­дық сотына жыл басынан бері алты ұсыныс жолданып, алты сотталушы шартты түрде мерзімінен босатылды.

Пробациялық есепте тұрғандарға әлеуметтік көмек көр­сетумен бірге оларды әлеумет­тік оңал­­ту, қайта жасалатын қыл­мыс­­тың алдын алу, болдырмау мақ­са­­тында олармен тәрбиелік мәні бар түр­­лі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Индер аудандық пробация қыз­­метінің есебінде тұрғандардың екеуі «Ерікті-во­лон­тер» іс-шарасына  қатысып, көп ­балалы ана­ға азық-түлікпен кө­мектесті. Та­ғы бірі аудандық ауру­ханасына сиыр етін әкеліп, науқас­тардың нәр­лі тамақпен қам­тылуына қол ұшын созды.  

Сонымен қатар «Атамекен» ҰКП-ның өңірлік филиалымен бірлесе пробация қызметінің есе­біндегі сотталушылардың жеке биз­несін дамыту мақсатында шағын несие алуына қолдау көрсетіліп отыр.  Өйт­кені олар да шағын кәсіпкерлік ны­санын ашқысы келеді. Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен екі адам «Бастау бизнес» қысқа мерзімдік курсында оқыды. Олар жеке кәсібін ашу үшін кепілсіз әрі қайтарымсыз 5 556 000 теңге мөлшерінде  мемлекеттік грант алды. Ал бір сотталушы «Ата­мекен» сертификатын алып, мемле­кеттік грант қаржысын күтіп отыр.

 

Бибігүл ҚАНАТБАЕВА,

Индер аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы,

әділет капитаны

 

Атырау облысы