• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Желтоқсан, 2020

ДДҰ әлемде қанша адам коронавирустан зардап шегетінін айтты

133 рет
көрсетілді

Дүние жүзі бойынша шамамен 1,8 миллиард адам коронавирус жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтында айтылады, деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Дереккөз мәліметінше, әлемдегі әрбір төртінші медициналық мекеме сумен қамтылмаған, ал әрбір үшінші медициналық мекемеде қажет қол гигиенасы сақталмаған.

"Су, санитария және гигиена медицина қызметкерлері мен науқастардың қауіпсіздігі үшін өте маңызды, бірақ бұл қызметтерге басымдық беріле бермейді", делінген хабарламада.

ДДҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебреисустың айтуынша, мекемелерде гигиена сақталмауы медициналық қызметкерлердің қорғаныс құралдарынсыз жұмыс істеуімен тең.