Алматыдағы «№ 405 авиажөндеу зауыты» АҚ кәсіпорнында жасалған Ми-8АМТ тікұшақтарының бірінші партиясы тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тікұшақтарды жинау жөніндегі осы жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путиннің мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша 2015 жылы берген тапсырмасына сәйкес іске асырылды.
Іс-шараға «Вертолеты России» АҚ және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының басшылығы қатысты.
Ми-8АМТ - көп мақсатты, екі қозғалтқышты тікұшақ. Көптеген азаматтық және әскери міндеттерді орындау үшін 50-ден астам елде кеңінен қолданылады.