Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі өткен тәулікте 58 адамнан қауіпті індетке шалдыққанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Коронавирус инфекциясына Атырау қаласынан 13, сондай-ақ Теңіз кенішінен 30 жұмысшы шалдықты, Ал Жылыой ауданынан 10, Құрманғазы ауданынан 5 адамда Сovid-19 белгісі анықталды. Науқастардың сегізінде инфекция симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 9 адам емделіп шықты», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.
Қазір облыстық инфекциялық стационарда 49, аудандардағы инфекциялық стационарда 6, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарында 229 пациент ем қабылдауда. Ал 229 адам үй жағдайында емделіп жатыр.