• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Желтоқсан, 2020

Шығыстан шымыр болып оралады

350 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында Өскемен гарнизонына қарасты әуеге қарсы қорғаныс әскери бөлімінде жас сарбаздар ант қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отан алдындағы антты Алматы, Қарағанды және Талдықорған қалаларынан шақырылған жүз қырыққа жуық жас сарбаз қабылдады. Санитарлық шектеулерге байланысты әскерге шақырылушылардың ата-аналары салтанатты рәсімді онлайн режимде бақылады.

- Ант қабылдаған соң әр жауынгер өзіне жоғары жауапкершілік алады. Енді сіздер Отан қорғау жолындасыздар. Біз сіздердің рух-жігерлеріңізге сенеміз. Сіздерге денсаулық, шыдамдылық, табысты қызмет тілейміз! - деді сап алдында әскери бөлім командирі, гвардия подполковнигі Жолжібек Нұрлыбеков.

Осы орайда қолдарына қару алып, әскери қызметке жаңа аяқ басқан жас сарбаздар да өз әсерлерімен бөлісті.

- Біз ата-анамыздың алыста жас жауынгер курсынан өттік, мақсаттарға ұмтылдық, батыл болуға талпындық. Жаңа достар таптық. Бір жылдан кейін шынығып, шыңдалып, үйге ораламыз, - деді 97638 әскери бөлімінің жас сарбазы Самат Бердібаев.