Қостанай облыстық білім басқармасының мамандары 3-9 желтоқсан аралығында мониторигтік топпен бірге өңірдегі бірнеше мектептегі індетке қарсы санитарлық талаптың сақталу жағдайын тексерді. Нәтижесінде, Қостанай қаласындағы мекмепке маскасыз кірген ата-анаға әкімшілік айыппұл салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Желтоқсан айының 3-і мен 9-ы аралығында өткен мониторинг барысында Жітіқара қаласында 4 мектеп, облыс орталығында 1 мектеп тексерілді. Тексеру барысында санитарлық тәртіптің сақталмауы Қостанай қаласында ғана анықталып, №5а мектеп-гимназиясына маскасыз кірген ата-анаға 41670 теңге айыппұл салынды. Ал БАҚ таратқан «Қостанай облысында санитарлық нормалардың көптеген бұзылу жағдайы анықталды» деген ақпарат шындыққа жанаспайды», деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі.