• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Желтоқсан, 2013

Маңғыстауда дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

214 рет
көрсетілді

Маңғыстау облыстық ауруханасының бірнеше дәрігеріне қатысты сот отырысы басталды. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

2011 жылы Данияр Имашев жол апатына түсіп, жергілікті жердегі ауруханаға түседі. Алғашында дәрігерлер хәлі ауыр емес екенін айтып, ата-анасына ота жасалған уақыттан кейін бір апта ішінде Даниярдың сауығып кететініне сендірген еді. Алайда, Данияр сол мезгілде 7 сағаттан соң көз жұмды. Қайғылы қазаны дәрігерлер жүрек тоқтауымен түсіндірген болатын. Ал сарапшылар жасаған қорытындыда өкпеге қан кеткендігі көрсетілген. Қарама-қайшылықтың ақиқатына жету үшін Даниярдың анасы сотқа қайтадан арыз жазды. Сонымен, арада 3 жыл өткенде болған істі тиянақты зерделеу мақсатымен сотқа анестезиолог, травматолог және хирург шақыртылып отыр.

Құқық қорғау қызметкерлерінің айтуынша, егер осы жолы дәрігерлердің салғырттығы анықталса, олар 2 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. «Баламның өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс жоғалып кетті.Медициналық карта және басқа да қажетті құжаттарды таба алмадық. Осы олқылықты ішкі істер департаменті қолға алғаннан кейін ғана қайтадан іс соттта қаралатын болып ұйғарылды. Енді мен әділдік орнайды деген сенімдемін»,-дейді марқұмның анасы Гүлнәр Имашева.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Астана» телеарнасы

Соңғы жаңалықтар