Шымкенттік полицейлер жер қойнауын қазып жатқан екі азаматты оқиға орнында ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
2020 жылдың 10 желтоқсанында Шымкент ҚПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті, Шымкент қаласы Абай ауданы əкімі аппараты қызметкерлері және Абай АПБ-ның учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп жедел алдын алу рейдтік іс-шарасы аясында Шымкент қаласындағы Қызылжар елді мекені арқылы ағып өтетін “Бадам” өзенінің жағасында “Хундай” маркалы экскаватор және “Shacman” маркалы ауыр жүк көлігін пайдалана отырып, жер қойнауын заңсыз қазып жатқан екі тұрғынды ұстады.
Экскаватор машинисі болып табылатын азаматтың жергілікті тұрғын екені, ал “Shacman” маркалы ауыр жүк көліктің жүргізушісі Түркістан облысының тұрғыны екені анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігімен (Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару) әкімшілік хаттама толтырылды.
Қоршаған ортаға келтірілген шығын көлемін Экология департаменті анықтайды.
Сондай-ақ Шымкент ҚПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полиция тобының қызметкерлері аталған жайтқа қатысты жинақталған құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қолдану үшін Шымкент ҚПД Абай АПБ-ның анықтау бөліміне жолдады.