• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Желтоқсан, 2020

Ұшақ бортынан ауруханаға жеткізілген сәби қайтыс болды

477 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы 30 қарашада ұшақ бортынан жедел ауруханаға жеткізілген 6 айлық сәбидің қайтыс болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

"Нәресте өте ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Ал, 2 желтоқсан күні биологиялық өлім тіркелді. Дәрігерлер баланы құтқара алмады. Баланың ата-анасы Оралдың тұрғындары", дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз өкілі.

Еске сала кетейік, 30 қарашада бортта болған сәби өзін нашар сезінгендіктен, Ақтаудан Түркияға ұшып шыққан ұшақ әуежайға қайта оралған еді.