• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Желтоқсан, 2020

Теңіз кенішінде жұмысшылар блок-бекеттен айналып өтуге тырысқан

272 рет
көрсетілді

Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнына келген жұмысшылар блок-бекеттен ПТР анықтамасыз өтуге тырысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұмысшылардың бұл әрекетін Жылыой аудандық полиция бөлімі Теңіз полиция бөлімшесінің қызметкерлері байқап қалған. Содан кейін полицейлер кен орнындағы блок-бекетті айналып өтуге тырысқан бір топ адамның жолын кесті.

«Аталған  бөлімшенің патрульдік полиция инспекторы, полиция капитаны Тілеуке Құмаров әріптестерімен бірге Құлсары қаласында тұратын 31 жастағы азаматтың басқаруындағы «Lada Granta» көлікті вахталық кентке кіреберісте тоқтатты. Жүргізушіден өзге салонда төрт ер адам болған. Олардың екеуі Орынбор қаласында тұратын Ресей азаматтары болып шықты», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құжаттарды тексеру кезінде үш жолаушының, оның ішінде бір ресейлік азаматтың қолында ПТР-тесттен өткендігі туралы анықтама болмай шықты. Көліктегілер «Теңіз» вахталық кенті аумағында орналасқан компаниялардың біріне баруды көздеген.

Қазір жинақталған құжаттар тиісті шешім қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөліміне жолданды.