Тәуелсіздік Күні қарсаңында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Тұңғыш Президент қорының «Ел үміті» жобасы аясында жүзеге асырылған «Елбасы медалі» бағдарламасы мен «Ел Мақтанышы» сыйлықтарының жеңімпаздарына марапаттарын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ел үміті» жобасы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы 571 алматылық қатыстып, олардың 90-ы медальмен марапатталды.
Зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздары атанған бес оқушы мен оларды сайысқа дайындаған 15 мұғалім – «Ел Мақтанышы» сыйлығымен марапатталды.
Биылғы жылы интеллектуалды сайыстарға қаланың 359 оқушысы қатысып, оның 237-сі жүлделі орындарға ие болды.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Тұңғыш Президент – Елбасының арнайы марапаттарының иелерін құттықтай отырып, дарынды жастарды қолдау шаралары мен білім алу мен қабілетті жан-жақты дамыту үшін жағдайлар жасау керектігіне тоқталды.
Биылғы жылы қолдау шаралары аясында 500-ден астам жас мұғалім жалпы сомасы 30 млн теңгені құрайтын бір реттік материалдық көмек алды. Сондай-ақ, мұғалімдерді қаржылай қолдау мақсатында жалақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 25% өсті.
Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап алғаш рет өз жұмысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қаланың үздік мұғалімдері үшін ақшалай сыйлықтармен қатар, Алматы қаласы әкімінің арнайы гранттары енгізілді. 2 бөлмелі пәтер мен автокөлік жыл сайынғы қалалық «Алматы қаласы мұғалімі» байқауының жеңімпаздарының жүлде қоры болды. Сонымен бірге мұғалімдердің тұрмыстық жағдайларын жақсарту жұмыстары жалғасын тауып жатыр. Осылайша, биыл 266 жас мұғалім үймен қамтамасыз етілді.