13 желтоқсанда Қазақстан аумағына анықтамасыз ұшып келген 481 жолаушының ПТР-талдау нәтижелері бойынша 6 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан аумағына анықтамасыз ұшып келген 481 жолаушының ПТР-талдау нәтижелері бойынша 6 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Оның ішінде 2 жолаушы Стамбул – Алматы рейсімен, 4 жолаушы Шарм - эль-шейх-Нұрсұлтан рейсімен келген.475 жолаушылардың ПТР тестілеуі теріс нәтиже көрсетті.