Премьер-Министр Асқар Мамин мен Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Тəуелсіздік күні мерекесі қарсаңында министрлік қызметкерлерін марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министр Үкімет басшысының Алғыс хатын Спорт жəне дене шынықтыру істері комитеті жазғы спорт түрлері басқармасының басшысы Айгүл Бектенова, Экономика және қаржы департаментінің директоры Анар Досқожаева, министрдің кеңесшісі Жəнібек Ержанов, Персоналды басқару қызметінің бас сарапшысы Мақпал Жүнісова, Мəдениет жəне өнер істері департаменті директорының орынбасары Ғани Мұратовқа табыстады.
Сонымен қатар Ақтоты Райымқұлова «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін Мəдениет жəне спорт вице-министрі Сəкен Мұсайбековке берді.
Ал «Мəдениет саласының үздігі» төсбелгісімен Репертуарлық саясат басқармасының басшысы Рига Оңаева, Музей мен кітапханалар басқармасының басшысы Гүлзейнеп Пазылова, Мəдениет жəне өнер істері департаменті директорының орынбасары Ғани Мұратов, Тарихи-мəдени мұра басқармасының бас сарапшысы Азамат Жолаев, Мемлекеттік құпияларды қорғау, жұмылдыру жұмысының бас сарапшысы Нұргүл Ыдырысова, Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Мейрамгүл Бейсенова, Лингвистикалық жұмыс басқармасының бас сарапшысы Елерке Төреханды марапаттады.
Сондай-ақ жазғы спорт түрлері басқармасының басшысы Айжан Есентаева, Ұлттық спорт түрлері жəне спорттағы мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов жəне Парламент Сенатының əлеуметтік-мəдени даму жəне ғылым комитетімен өзара байланыс бөлімінің қызметкері Замир Ихсанғалиев «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісіне ие болды.
Салтанатты жиын соңында Ақтоты Райымқұлова Министрліктің барлық қызметкеріне алғыс айтып, ел келешегі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.