Атырау қаласында 20-дан астам волонтер «Менің Туым. Менің елім!» акциясын өткізді.
«Бүгін атыраулық жастар елге, Отанға деген сүйіспеншілікпен осы акцияға қолдау білдіруді ұйғардық. Біздің арамызда оқу орындарының белсенді студенттері де бар. Көп қабатты үйдің балконында Тәуелсіздігіміздің символы – көк Туымыз желбіреп тұр. Мұндай сәт әр азаматқа патриоттық рух беріп, ерекше сезімге бөлейді. Басты тілегіміз – көк байрағымыз көкте желбірету. Отанын шын сүйетін патриот жастар еліміздің өркендегенін, тәуелсіздігіміздің мәңгілік болғанын қалайды» дейді волонтердің бірі Илияс Үсенғалиев.
Волонтерлер акцияны қаланың Т.Жұмағалиев көшесіндегі №23, Б.Құлманов көшесі, 112/1 мекенжайындағы көпқабатты үйлерде, «BELUGA» қонақүйінде жалғастырды.