• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Желтоқсан, 2020

Заңсыз ағаш кесушілерге жауапкершілік туралы ескертеді

190 рет
көрсетілді

СҚО полицейлері Жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды қорғауға кірісті. Табиғатты қорғау полициясы мен учаскелік инспекторлар Табиғи ресурстар басқармасы, орман шаруашылығы мекемелері, қорықтар, «Көкшетау» ұлттық табиғи саябағы мамандарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде. Мобильді топтар шыршаларды браконьерлердің балтасынан қорғау үшін орман алқаптарына рейд жүргізеді.

«Облыс тұрғындарына орман қорына кіретін және кірмейтін аумақта заңсыз ағаш кесуге, келтірілген шығын бір жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын болса әкімшілік сотпен қаралатынын естеріңізге саламыз, - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы, полиция капитаны Асхат Қожабаев. «Айтарлықтай залал келтірілген жағдайда қылмыстық қудалау қозғалады. Жаңа жыл алдында қылқан жапырақты ағаштардан олжа табудың ақыры ірі көлемдегі айыппұл немесе қамаққа алуға, қылмыстық топпен жасалса – екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады», дейді ол.

Әзірге, желтоқсан айының басынан СҚО-да қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу фактісі тіркелген жоқ.

 

Солтүстік Қазақстан облысы