• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Желтоқсан, 2020

Атырауда 77 адамнан коронавирус анықталды

524 рет
көрсетілді

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өткен тәулікте 77 адамнан коронавирус анықталғанын мәлім етті.

Қауіпті індетке шалдыққандардың дені, яғни 35 науқас Атырау қаласында тіркеліп оыр.  Ал Теңіз кенішінде 31 жұмысшы коронавирусқа шалддыққан.

Сонымен бірге Жылыой ауданында 6, Қызылқоға ауданынан 4, Махамбет ауданында 1 адамнан Сovid-19 инфекциясының белгісі расталған.

«Науқастардың 18-інде инфекцияның симптомды түрі бар. Өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 34 адам емделіп шықты. Үй жағдайында 277 адам емделіп жатыр. Облыстық инфекциялық стационарда 63, аудандардағы стационарда 14,  Теңіз кенішіндегі стационарда 255 адам ем қабылдауда» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.