• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Желтоқсан, 2020

Поперечное ауылында жаңа клуб ашылды

286 рет
көрсетілді

Батыс Алтайдың қойнында жатқан Поперечное ауылында Тәуелсіздік күні қарсаңында күрделі жөндеуден өткен мәдениет ошағы салтанатты түрде ашылды.

Риддер қаласынан 30 шақырым қашықтықта жатқан Поперечное ауылының тұрғындары үшін қуанышты күн болды. Олай дейтініміз, көптен күткен мәдениет ошағы есігін айқара ашты. «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен клуб іші заман талабына сай жабдықталды. Цифрлы пианино, үлкен экран қойылды.

Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде жергілікті жерден сегіз азамат жұмысқа тартылса, оның төртеуі тұрақты жұмыспен қамтылды.

- Ауылдықтар бас қосатын мәдени орталықтың ашылғаны баршамызды қуантты. Бұрынғы клубымыз дүкеннің ескі ғимараты еді. Ол жерде өзіміз от жағып, әнімізді айтып, бос уақытымызды өткізетінбіз. Енді міне, мемлекеттік бағдарламаның арқасында өнер ошағымыз жаңарды. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын, - деп  ауыл тұрғыны Анна Абакумоважылы лебізін білдірді.

 

Риддер