• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Желтоқсан, 2020

Қарсыластарымыздың құны қанша?

264 рет
көрсетілді

Біз бұған дейін Швейцарияның Цюрих қаласында орналасқан ФИФА-ның штаб-пәтерінде 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесі тартылып, Қазақстанның ұлттық құрамасы Франция, Украина, Финляндия және Босния мен Герцеговина футболшыларымен бірге D тобында өнер көрсететіні жайында хабарлағанбыз.

Жеребе тартылып, қарсыластар анықталған беттенемістердің Transfermarkt веб-сайты әр мемлекеттің ұлттық құрамасы сапындағы ойыншыларының қазіргі кездегі трансферлік құнын анықтаған екен.Бізге керегі – D тобы. Бұл топта Францияныңалдына түсетін ешкім жоқ. Айтулы команда сапындағы аяқ доп шеберлерінің жалпы құны 1,05 миллиард евроны құрап отыр. Солардың арасындағы Килиан Мбаппенің бағасы бәрінен де жоғары. Мариждің ПСЖ клубы сапында жасындай жарқырап жүрген жас жұлдыздың құны – 180 миллион. Одан кейінгі сатыларға мына ойыншылар жайғасты: Поль Погба мен Антуан Гризманн (80 миллион), Рафаэль Варан мен Нголо Конте (70млн.), Антони Марсьяль мен айо Упамекано (60млн.), Клеман Лангле, Люка Эрнандес, Уссем Ауар, Эдуарду Камавинга (50 млн.) және Бенжамен Павар (45 млн.).

Украина құрамасы 101,20 миллион евро бағаланды. Құндылар қатарындаа мына ойыншылар бар: Руслан Малиновский (21 млн.), Александр Зинченко (20 млн.), Виктор Цыганков (19 млн.), Виталий Миколенко (13 млн.) Роман Яремчук (11млн.), Микола Матвиенко (9 млн.), Тарас Степаненко (8 млн.), Андрей Ярмоленко, Марлос, Владислав Супряга (7 млн.).

 

Босния мен Герцеговинаның құрамасының құны – 95,58 миллион евро шамасында. Сол елдің ең үздік өрені Миралем Пьянич 50 миллионға бағаланып отыр. Эдин Вишча (12,50 млн.) және Сеад Колашинац пен Эдин Джеко (10 млн.) сынды жігіттер де арзан тұрмайды. Финляндияның командасының құны – 36,1 миллионды құрайды. Суми елінің өкілдері арасындағы ең бағылысы –Лукаш Градецкий (8 млн.).

 

Қазақстан құрамасының құны – 21,2 миллион евро шамасында. Жерлестеріміздің арасында Бақтияр Зайнутдиновтың шоқтығы биік. Мәскеудің ЦСКА-сы сапында өнер көрсететін ол 2 миллионға бағаланды. Одан кейінгі орындарда Бауыржан Исламхан мен Дмитрий Шомко (1,8 млн.), Стас Покатилов, Нұралы  Әліп, Исламбек Қуат, Роман Мұртазаев (1,5 млн.), Гафуржан Сүйімбаев (1,3млн.), Абзал Бейсебеков мен Сергей Малый (1,2млн), Дмитрий Мирошниченко (1,1 млн.), Дмитрий Непогодов, Темірлан Ерланов, Айбол Әбікен, Юрий Перцух және Абат Айымбетов (1 млн.).