• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Желтоқсан, 2020

Кәсіпқой бокс: Мадьяр Әшкеев ұтылды

196 рет
көрсетілді

Қазақтың кәсіпқой боксшысы Мадияр Әшкеев АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы Wild Card Boxing аренасында өткен жекпе-жекте жеңіліс тапты.

Бірінші орта салмақта күш сынасып жүрген 32 жастағы қандасымыз осы күнге дейін 14 кездесудің барлығын жеңіспен аяқтап, сол бәсекелердің тең жартысында қарсыластарын нокаутқа жіберген еді.Сол табыстарының арқасында USNBC нұсқасыныңалтын белбеуін иеленді. Бірақ бұл жолы Чарльз Конуэлге Әшкевтен әлі жетпеді.

АҚШ-тың өкілі қазақ боксшысынан 10 жас кіші. Ол сол сәтке дейін 13 рет рингке көтеріліп, бірде-бір рет жеңілген емес. 10 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Конуэлге USBA нұсқасының алтын белбеуі тиесіл.

Лос-Анджелесте өткен жекпе-жекте Чарльз Конуэлдің басымдығы байқалды. Нәтижеснде тоғызыншы раундтан кейін Мадияр Әшкеевтің командасы бәсекені жалғастырудан бас тартты.