• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Желтоқсан, 2020

Әли Ахмедов кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліп қалды

198 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Флорида штатындағы Холливуд қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық Әли Ахмедов екінші орта салмақта IBO әлем чемпионы титулын жеңіп ала алмады, деп хабарлайды Egemen.kz

Головкин-Шеремета андеркартында өткен жекпе-жек барысында қазақстандық кәсіпқой боксшы, екінші орта салмақтағы WBC International Silver чемпиондық белбеуінің иегері Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) 11 раунд бойы эквадорлық Карлос Гонгорадан басымдық танытқан болатын.

Алайда 12-раундта иек астынан ауыр соққы алған Әли нокдаунға түсіп қалды. Дегенмен, тез ес жиып, жекпе-жекті жалғастырған Қазақстан боксшысы екінші мәрте де дәл сондай апперкоттан нокаутқа түсті.

Осылайша бұған дейінгі 18 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, 13 қарсыласын нокаутпен ұтқан 31 жастағы эквадорлық Карлос Гонгора IBO әлем чемпионы титулын жеңіп алды.