Ақтау қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының жалауы желбіреді, деп хабарлайды Egemen.kz
Ерлер арасында аса жеңіл салмақта қызылордалық Мағжан Шамшаддиннің мерейі үстем болды. Ақтық айқаста ол талдықорғандық Дамир Болатбековты тізе бүктірді. Қола медальді оралдық Тоқтар Үмітәлиев пен қарағандылық Ержан Еренғайыпов еншіледі.
Әйелдердің 48 кило салмақтағы сайысында Нұрсұлу Ералиеваға тең келер ешкім табылмады. Финалда Алматы облысының аруы маңғыстаулық Анна Казюлинаны қапы қалдырды. Үшінші орындарды оралдық Гүлмахан Алмаханбетова мен қызылордалық Құндыз Жылқыбай олжалады.