• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Медицина 19 Желтоқсан, 2020

Жыл басынан бері елордалықтарға қанша сомаға медициналық қызмет көрсетілді

114 рет
көрсетілді

2020 жылдың 11 айында 113 млрд.теңгеден аса сомаға медициналық қызмет көрсетілді. Олардың ішінде  ТМККК аясында – 76,5 млрд.теңге, МӘМС жүйесінде – 36,6 млрд.теңге, деп хабарлайды Egemen.kz

Осы аралықта көрсетілген консультативтік-диагностикалық қызметтерге 14,3 млрд.теңге төленді, 5409 жоғарытехнологиялық медициналық қызметтерге – 1 млрд.теңгеден астам, 97 536 стоматологиялық қызметтерге – 225 млн.теңге төленді.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша стационарларда емделгендер (61,9 млрд.теңге сомасына)  саны -  199 363», деп хабарлады брифингте  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Медициналық сақтандыру қоры 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 100 қызмет жеткізуші медициналық ұйыммен (2019 жылы – 105 қызмет жеткізуші) келісімшартқа отырған. Олардың  32-і – мемлекеттік, 60-ы – жекеменшік, 8-і республикалық медицина ұйымдары. Оның ішінде  амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйым – 35, тәулік бойы жұмыс істейтін стационар – 30, стационарды алмастыратын көмек көрсетушілер – 77, консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін медициналық мекеме  – 12.

 Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұрғындар саны - 1 171 302  (ҚР бойынша - 18 809 210). Олардың ішінде 648 978 тұрғын жеңілдігі бар санатқа жатады, бұл барлық тұрғынның 55%-на жуық. Олар үшін жарнаны мемлекет төлейді.