• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Президент 19 Желтоқсан, 2020

ҚР Президенті Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады

126 рет
көрсетілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Геннадий Головкинді @GGGBoxing сенімді жеңісімен құттықтаймын! Біздің боксшымыз орта салмақта IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады. Гена өзінің жоғары шеберлігі мен жеңіске деген мықты ерік-жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Еліміз өзіңмен мақтанады», деді Президент.

Айта кетсек, бүгін IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35 КО) қарсыласы Камил Шереметаны (21-0, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңді. Жекпе-жек Голливудтағы арене Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтті.

Геннадий Головкин 21-мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды.