• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Желтоқсан, 2020

Алматыда Philarmonic New Year Fest бірінші қысқы фестивалі өтеді

121 рет
көрсетілді

19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының 85 жылдық мерейтойына арналған Philarmonic New Year Fest-2020 бірінші қысқы фестивалінің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Мерекелік марапаттау рәсімінен кейін, ашылу кеші ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің концертіне ұласады. Фестивальдің мақсаты - әлемдік классикалық музыканың һәм ұлы Қазақ өнерінің рухани қарашаңырағына айналған Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының мерейтойын атап өту және 85 жыл ішінде осы ұжымда еңбек еткен ұлы есімдерді ұлықтап, музыка өнерінің озық үлгілерін насихаттау.

Айта кетейік, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы 1935 жылдың 14 қаңтарында құрылған. Тұңғыш директоры және көркемдік жетекшісі болып музыкатанушы, ғалым, композитор, дирижер, Қазақстанның Халық артисі, академик Ахмет Қуанұлы Жұбанов қызмет атқарған.

Сол күннен бері 85 жыл көлемінде филармония еліміздегі ең ірі мәдени орталықтардың бірегейі әрі Алматы қаласының тарихи сәулетті ғимараты.