2020 жылғы 19 желтоқсандағы ақпарат бойынша коронавирус жұқтырған 259 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz
19 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 568 адам короновирус инфекциясынан (13 800 КВИ+ және 11 768 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 397 пациент стационарда, 21 171 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 259 адамның жағдайы ауыр;
• 38 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 39 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.