• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Желтоқсан, 2020

Қазақстанның бір облысы «қызыл» аймаққа кірді

135 рет
көрсетілді

Атырау облысында коронавирус инфекциясының таралуы өршіп, өңір «қызыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулықты сақтау орталығының дерегіне сәйкес, «қызыл» аймақта қазіргі уақытта тек Атырау облысы кіріп отыр.

«Сары» аймақта Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары жатыр. Еліміздің қалған барлық өңірі «жасыл» аймақта. «Қызыл» аймақта қатаң шектеу шаралары енгізілген.

Ал «сары» аймақта қолданыстағы карантин шаралары сақталып, оларды бақылау күшейтіледі. «Жасыл» аймақтағы өңірлер үшін шектеу шаралары жеңілдетілуі мүмкін.