• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Желтоқсан, 2020

Түркияда ауруханадағы өрттен 8 адам қайтыс болды

230 рет
көрсетілді

Түркияда сегіз адам ауруханада оттегі аппаратының бұзылуынан шыққан өрттің құрбаны болды. Қайғылы оқиға елдің оңтүстігіндегі Газиантеп қаласында орын алған, деп хабарлайды Egemen.kz

Газиантеп университеті ауруханасының коронавируспен ауыратын науқастарға арналған реанимация бөлімінде өрт шыққан.

COVID-19 инфекциясынан емделіп жатқан аурухананың тағы 19 пациенті басқа медицина мекемелеріне ауыстырылды. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, полиция келеңсіз жайға қатысты тергеу жүргізуде.