Әлем 19 Желтоқсан, 2020

6 адам қайтыс болды: Эквадорда автобус шыңырауға құлаған

167 рет
көрсетілді

Эквадордағы Котопакси провинциясында болған жол апатынан алты адам мерт болды, 14 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әзірге белгісіз себептермен автобус тереңдігі 120 м шыңырауға құлаған. Оқиға орнына келген құтқарушылар зардап шеккендерді ауруханаларға жеткізді. Полиция жол апатының мән-жайын тексеруде.