• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Ауа райы 19 Желтоқсан, 2020

Еліміздің алты өңірінде қолайсыз ауа райы күтілуде

328 рет
көрсетілді

Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабаралайды Egemen.kz

20 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында қар жауып, бұрқасын болады.

Сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында қар жауады, кей жерлерде бұрқасын, тұман, солтүстік, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады.

20 желтоқсанға қараған түні Түркістан облысы мен Шымкент қаласының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

20 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман түсуі ықтимал.