• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Ауа райы 19 Желтоқсан, 2020

Павлодар облысында 6 көлік қар құрсауында қалды

212 рет
көрсетілді

Павлодар облысындағы Ақтоғай ауданы аумағында 6 автокөлік қар құрсауында қалған, деп хабарлайды Egemen.kz

Көліктерде 16 адам болған. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 желтоқсан күні сағат 22:00-де Павлодар облысының Ақтоғай ауданында, Ақжол ауылының маңында ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 жеңіл автокөлік тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға №15 өрт сөндіру бөлімінен 67 шақырым қашықтықта болған. Төтенше жағдай орнына жеке құрамнан 8 адам және 2 техника жұмылдырылып, 16 адам құтқарылды.

- Барлық азаматтар медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ, деді департамент өкілдері.