Жуырда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанындағы Кедергілер жөніндегі кеңестің бірінші отырысында Энергетика министрлігінің квоталау негізіндегі сұйытылған мұнай газын бөлу жүйесі талқыланды.
Қатысушылар сұйытылған мұнай газына газ желісі ұйымдарының шектеулі шеңбері төмен бағалар бойынша қол жеткізетінін, бұл бәсекелестікті дамыту қағидасын бұрмалайтынын және сұйытылған газ өндірісінің инвестициялық тартымдылығын төмендететінін жеткізді. Яғни бағаны мемлекеттік реттеу жүйесінен тек газ желісі ұйымдары ғана ұтады.
– Сұйытылған мұнай газының электронды саудасын жетілдіру аясында жергілікті нарық шеңберіндегі саудадан бәсекелестікті кеңейтуге жәрдемдесетін неғұрлым ірі өңірлік нарықтарға көшуді ұсынамын. Сондай-ақ ашықтықты арттыру үшін тікелей өңірлерде электронды сауданы ұйымдастыру жекелеген облыстар деңгейінде тапшылықтың туындауы бойынша тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді. Монополияға қарсы органның атына Кедергілер жөніндегі кеңестің өзінің монополияға қарсы жұмсақ саясатын жетілдіру тұрғысындағы ұсыныстарының бірі монополияға қарсы комплаенс институтын енгізу болуы мүмкін, – деді «ЕТС тауар биржасы» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұржан Бегалин.
Кедергілер жөніндегі кеңес саланы реттеудің қолданыстағы оң тетігін жетілдіру, нарықты ырықтандыруға, оның ішінде 2022 жылға дейін сұйытылған мұнай газы сауда-саттығына толық көшу және газ желісі ұйымдарын аккредиттеу институтын жою жөнінде ұсынымдар әзірледі. Қазір агенттіктің өңірлік бөлімшелері Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарында 10 газ желісі ұйымына қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелер көлемдерді бөлу кезінде әкімдіктердің іс-әрекеттеріне шағымдарды жыл сайын қарайды.