• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Желтоқсан, 2020

6 адам зардап шеккен: Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

114 рет
көрсетілді

Алматыда автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Оқиға 19 желтоқсан күні Жүргенев пен Жангелдин көшелерінің қиылысында болды.

«Лада Гранта автокөлігінің жүргізушісі Жүргенев көшесі бойымен шығыс бағытта келе жатып Жангелдин көшесінің қиылысындағы жол белгісін елемей, оңтүстік бағытта келе жатқан Yutong маркалы автобусымен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөліктің жүргізушісі және оның үш жолаушысы, сонымен қатар автобустың екі жолаушысы жарақат алды», деді Алматы қаласы Полиция департаментінің тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 2-бөлімі (Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.