• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Желтоқсан, 2020

Үшарал-Достық және Өскемен-Семей бағытында қозғалыс тоқтатылды

572 рет
көрсетілді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Үшарал-Достық пен Өскемен-Семей жолының учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz

«QazAvtoJol» ұлттық компаниясынан мәлім еткендей, Үшарал-Достық жолының 83-184 шақырым аралығы (Көктума-Достық) мен Өскемен-Семей жолының 10-198 шақырым аралығы (Герасимовка-Семей) жабылды. Республика бойынша жолда қар күреуге 260 арнайы техника жұмылдырылған. «QazAvtoJol» ҰК» АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты ұстану қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді», делінген ақпаратта.