Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының деректеріне сәйкес, Алматы қаласы бойынша ТМККК пакеті аясында 121 медициналық ұйым, МӘМС пакеті бойынша 142 медициналық мекеме қызмет көрсетуде, деп хабарлайды Egemen.kz
2020 жылдың 11 айында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының медициналық ұйымдарында 423 030 науқас емделген болса, оның ішінде ТМККК аясында - 227 381 адам, МӘМС бойынша 182 617 науқас ем қабылдаған.
- Тәуліктік стационарлар деңгейінде 307 381 науқас емделіп шықты. Бұл жазылып шыққандардың жалпы санының 72,6%-ын құрайды- деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ересектер үшін кардиологиялық, эндокринологиялық, неврологиялық, ревматологиялық, офтальмологиялық, кардиохирургиялық медициналық қызметтер өте қажет.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары жанындағы күндізгі стационарларда 67 776 пациент немесе 2020 жылғы 11 айда емделгендердің жалпы санының 16% - ы ем қабылдады. Оның ішінде ТМККК шеңберінде - 36 660 адам, МӘМС шеңберінде-31 082 пациент ем алған.
АМСК ұйымдарының жанындағы үйдегі стационар деңгейінде 15 475 пациент, оның ішінде ТМККК шеңберінде - 15 343, МӘМС шеңберінде – 132 пациент емделді. Үйдегі стационарлар негізінен балалар мен қарт адамдар үшін, сондай-ақ коронавирустық инфекциясы бар науқастар мен олармен байланыста болған адамдарға үй карантині үшін ұйымдастырылады.
Алматыда созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар, гемодиализ терапиясына мұқтаж науқастарға қызмет көрсетілетінін атап өткен жөн. 15 гемодиализ орталығында 2 216 пациент емделді. Гемодиализ қызметі тек ТМККК шеңберінде жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, қала клиникаларының базасында жоғары технологиялық медициналық қызметтер бойынша көмек көрсетіледі. 2020 жылдың 11 айында 35 медициналық ұйымда 2 825 пациент емделді, оның ішінде ТМККК шеңберінде – 152, МӘМС шеңберінде - 2 656 пациент.