• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Желтоқсан, 2020

Елордадағы аула клубтарының саны төрт есе өсті

294 рет
көрсетілді

Елордада балалар мен жасөспірімдерге арналған аула клубтарының желісі дамып келеді. Бүгінде қалада 23 осындай ұйым бар, онда 2500 оқушы айналысады. Олар үшін 28 спорт секциясы мен 21 шығармашылық үйірме жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астана Жастары» ЖРО 2015 жылдың басынан аула клубтарының қызметіне куратор болып келеді. Сол уақытта қалада 6 аула клубы болса, бүгінде олардың саны 23-ке жетті. 2020 жылы шалғайдағы «Ильинка», «Күйгенжар», «Чугунка», «Лесозавод» және «Көктал» тұрғын алаптарында 5 жаңа аула клубы ашылды. 2021 жылы аула клубтарының санын 23-тен 28-ге, ал тәрбиеленушілердің санын 2500-ден 3000-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр», - деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығында.

Карантин жағдайында балалар сабаққа қалада белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып барады.

Аула клубтарының негізгі қызметі балалар, жасөспірімдер мен елорда жастарының бос уақытын қамтамасыз етуге бағытталған. Аула клубтары оқушылардың шығармашылық, танымдық, ғылыми, әлеуметтік белсенділіктерін арттырады. Үйірмелер мен секциялар олар үшін ақысыз.

Айта кетейік, 2020 жылдың 12 ақпанында Нұр-Сұлтан мәслихаты «Аула клубтарын жаңғыртудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасын» бекіткен. Оған сәйкес аула клубтары қызметінің басты міндеті - елорданың төрт ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарынан тұратын жастарды бұқаралық спортқа, шығармашылық үйірмелерге тарту, өмірлік дағдыларды үйрету арқылы өмір сапасын жақсарту.