• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Желтоқсан, 2020

Үш жылда Қызылорда облысына 721 қандасымыз көшіп келген

423 рет
көрсетілді

Соңғы үш жылда облысқа 721 қандасымыз көшіп келді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қызылорда ОПД Көші-қон полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Сағындық Қамитбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Өткен жылы «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Яғни, қандастардың азаматтық алу мерзімі қысқартылды. Қазір көші-қон қызметі саласында 12 мемлекеттік қызмет көрсетілуде, оның 75% электронды. Жыл соңына дейін 90 пайызға жеткізілмек. Жалпы, биыл 96 мың 640 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

- Өздеріңіз білетіндей, пандемияға байланысты облыс аумағына бүгінгі күнге шетелдіктердің келуі азайды. Қазіргі таңда көші-қон қызметі саласымен облыс аумағына түрлі мақсаттармен 2 мың 964 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды. Өткен жылы 25 мыңнан астам өзге елдің азаматы келген болатын. Жыл басынан еңбекші көшіп келушілер шетелдіктерге барлығы 6 мың 507 рұқсат рәсімделіп, жергілікті бюджетке 92 млн астам теңге салық түсті, - деді Сағындық Убайдуллаұлы.

Бұдан бөлек, халықты құжаттандыру мәселелері бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті шаралар жалғасуда. Мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы адамдарды, көп балалы аналарды, мүгедектерді құжаттандыру үшін көші-қон қызметінің және ХҚКО-ның арнайы тұрғылықты жері бойынша үйлеріне баратын мобильді топтың жұмысы ұйымдастырылған. Мобильді топтармен барлығы 2 мың 500-ден астам тұрғынның құжаты әзірленді.