• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Желтоқсан, 2020

Тәжікстан азаматтары құтқарылды

156 рет
көрсетілді

Биылғы қыс Солтүстік Қазақстанда әзірге жайлы болып тұр. Қар да әлі аз еді. Тек кешеден бастап қана қар молынан түсіп, ақ боран үдетіп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz

Сарыарқаның төріндегі мұндай ақ борандар дайындығы жоқ, қысқа икемсіз жандарды бірден табады. Тәжікстаннан шығып Ресейдің Түмен облысына жеміс алып бет алған екі тәжік азаматын да ақ боран Солтүстік Қазақстан жерінде биылдыққа алғашқы рет «ұстапты». Қыстық солярка құймаған олардың көліктері Петропавл – Қостанай трассасында тұрып қалған. Жеңіл киінген жылы жердің екі азаматы бораннан кейінгі 20 градустық суық ызғарда қоюлана түскен түн қараңғылығымен үсіп қалары сөзсіз еді. Бірақ олардың бірінің есіне осындайда көмекке келетін 112 нөмірі түсіп, телефон соғады.

15 минөт шамасында жетіп келген ТЖ бөлімінің қызметкерлері Сағындық Мәжитов пен Жанат Мұмембетқалиев қысылғандарға қол үшін созады. Олар жолаушылардың «Мерседес – Бенц» көлігін ең жақын аудан орталығы – Пресновкаға сүйреп апаруды ұйымдастырады. Ондағы өрт сөндіру бөлімінің жылы боксында машина жөнделіп, қысқы солярка құйылады. Еріндері еріндеріне тимей дірілдеген Умиджон мен Фирузджонға ыстық шәймен жылы тамақ беріліп, бойларын жылытады. Ақыры Тәжікстан азаматтары біздің жігіттерге алғыстарын шексіз жаудырып, ұзамай жолға шығады.

Солтүстік Қазақстан облысы