Ақтауда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында әйелдер арасында 70 кило салмақ дәрежесінда танымал дзюдошы Зере Бектасқызы алтын тұғырдан қол бұлғады, деп хабарлайды Egemen.kz
Халықаралық жарыстарда жүлде алып жүрген Шығыс Қазақстан облысының өкілі ақтық сында түркістандық Перизат Жақыпбекованы жеңді. Талдықорғандық Жанар Қашқын мен алматылық Даяна Талғат қола медальдарды мойындарына ілді.