• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Желтоқсан, 2020

Басқа басылымдардан: Әлем жаңалықтарына шолу

160 рет
көрсетілді

Жаңа жоспар таныстырылды

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Джо Байден климаттың өзгеруіне қарсы жоспарын таныстырды. Жоспарды әзірге Сенат мақұлдаған жоқ. Құрылатын агенттікті афро-америкалық басқарады деген сыбыс бар.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, АҚШ-тың жаңа президентін ұлықтау рәсімі 20 қаңтарға жоспарланған. Алайда Байден қол қусырып отырмай, жаңа жоспар ұсынып үлгерді. «Біз үлкен дағдарыстамыз. Пандемиямен қалай бірлесіп күрессек, климаттың өзгеруімен де солай бірлесіп күресуіміз керек», деді ол.

Таныстыру барысында Париж келісіміне АҚШ-тың қайтадан қосылатынын мәлімдеді.  «Америка бұл жолы жаһандық климаттың өзгеруімен алдыңғы шепте күреседі» деген мәлімдеме жасады Байден.

Дональд Трамп басшылық етіп тұрғанда АҚШ Париж келісімінен шыққан алғашқы ел болып еді. Ал Байден бұл климатты сақтау міндеті жүктелген топты білікті, талапты деп таныстырып отыр. Бұл топқа Солтүстік Каролинаның қоршаған орта мәселелеріне  жауапты Мишель Реган жетекшілік етеді.

Сонымен бірге президент Байден климатпен күрес толыққанды жұмыс болуы керектігін баса айтты. Алдағы күндері Ұлттық қауіпсіздік кеңесі отырысында да бұл мәселенің талқыланатыны белгілі болды.

 

Президентке айыппұл салынды

Чилидің пре­зи­­­денті Себастьян Пиньер­ге Чилидің құзыр­лы органдары карантин кезінде маска тақпағаны үшін 3,5 мың АҚШ доллары көлемінде  айыппұл салды.

Мұндай шешім қабылдауға желідегі сурет себеп болды. Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарасақ, президент жағажайда өзімен суретке түсуге сұранған келіншектің көңілін қалдырмай, келісімін берген көрінеді. Алайда фотосуретте мемлекет басшысы маска тақпаған.

Чили жаңалық агенттіктерінің хабарлауынша, президентке айыппұл салу туралы шешімді Вальпарайсо аймағының Денсаулық сақтау мекемесі қабылдаған.

Бұл президент Пиньердің қоғамдық тәртіпті алғаш бұзуы емес. Оған бұған дейін де бір мәрте ескерту жасалған екен. Ал екінші әрекеті жазасыз қалмады. 2 551 450 песо айыппұл АҚШ долларына шаққанда 3,5 мың долларға тең.

 

Британия Сингапурмен тегін сауда келісіміне қол қойды

Британия Син­гапурмен еркін сау­да келісіміне келді. Бұл шешім Брексит нәти­жесін­дегі экономиканы ретке келтіру мақсатында қабылданды дейді. Құжат Сингапурда екі елдің сау­да министрлерінің қатысуымен қабылданды. Жаңа ереже шеңберінде жылына 18 млрд еуро көлемінде сауда жасалмақ.

Британия Еуроодақтан шыққалы саудаға байланысты проблема пайда болғанын, дереу шешім қабылдау керектігін әуелден айтып жүрген-ді. Ендігі кезекте Сингапур мен Британия арасында техника, көлік, фармацевтика өнімдері мен медициналық құрылғы әкелуге шектеу болмайды. Аталған заттарды шекарадан еркін өткізуге 2024 жылға дейін рұқсат бар. Британия дәл осындай келісімді Жапониямен де түзген. Қазан айында қол қойылған құжат Лондонның Брекситтен кейінгі алғашқы екіжақты келісімі ретінде хатталып қалды.

Британияның сауда министрі Лиз Трусс Синга­пур­мен келісімге келу болашақта жақсы нәтиже береді деген сенімін білдірді.

«Қазір Британия қайтадан қаржылық азат елге айнал­ды. Біз бүгінде еркін сауда қатынасына ашық­пыз. Син­гапур – Британияның негізгі сауда және инвес­ти­ция­лық серіктесі. Ал Сингапур үшін Британия Еуро­па­дағы инвестиция бағыттайтын бірден бір мемлекет. Ке­лі­сім британиялық компанияларға Сингапурмен бай­­ла­нысты нығайтуға мүмкіндік береді», деді министр.

 

Дайындаған

Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар